Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Анықталғандай,  азамат П.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы әкесінің автокөлігі тоқтап тұрған кезінде кілтін рұқсатсыз алып, автокөлікті оталдырып, артқа қозғалыс жасап, артта тоқтап тұрған автокөлігіне соқтығысып, шығын келтірген. Яғни, азамат П. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамай, баласының әкімшілік  құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына жол берген.

Азамат П. сотта берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта бұл жағдай қайталанбайтынын көрсетті.

Сот қаулысымен азамат П. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған