Ұлы ақын күніне арналған “Абайды сүй, адам бол” атты іс-шарада сотталғандар Абай өлеңдеріне ерекше назар аударып, Абай оқыған кітаптармен, ақынның қоғамдық қызметімен және Абай дәуірін суреттейтін сирек кездесетін өлкетану басылымдарымен танысты.
Сонымен қатар, Арнайы контингенттер арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Серік Сейдахметов сотталғандар арасында ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқудан сайыс өткізді.
Мекемеде жазасын өтеуші азаматтар арасында ақын жазушылармызды өлеңдерін дәріптеп, олардың өмір баяндарымен таныстыру оларға үлкен ой өсиет салады. Ақын жазушылардың шығармаларын оқу арқылы олар өмірге деген көзқарастарын жаңа өмірге бейімдеуге бағыттайды. Абай атамыздың “Ғылым таппай мақтанба” деген өлеңін нақышына келтіріп оқып қана қоймай, ақынның “Өсек, өтірік, мақтаншақ. Еріншек, бекер мал шашпақ. Бес дұшпаның білсеңіз” деген өсиетін өзара талқылап, пікір алмасты- дейді АКАӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі С.Сейдахметов.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған