Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі өте маңызды. Әдептілік –мемлекеттік қызметтің басты  ұстанымдарының бірі. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің  моральдық және  әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Олардың  жұмысы, іс – әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халықтың назарында. Сол себепті, мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін  қалыптастыруға және мемлекеттік  қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексі қабылданды. Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші  барынша сыпайы, адал, сабырлы, ұқыпты, қарапайым болуы қажет, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс – әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті. Еліне қызмет етуші маман өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсауға міндетті, Әдеп кодексінің талаптарын сақтап, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу керек. Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен қатар,  сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады.  Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің моральдық  бет-бейнесі мен әдебіне  сырт келбеті де сай болуы қажет. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық – әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін  жағдайларға жол бермеуі тиіс. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.

Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс. Сонымен қатар,мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс. Әрбір адамның жағымды бейнесі оның тек кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі – қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшінің қарапайымдылық, сыпайы бейнесіне сай келмейтін өрескел суреттер орналастыруға тиым салынады.

Қорыта келе, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы-ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып саналады.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы Б.Меңліхожаев

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған