Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімдерінің 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жиынға Департамент басшысы С.Сүлеймен, Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшісі басшылары мен мамандары қатысты.

Шараны Департамент басшысы С.Сүлеймен ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, сот жұмысын ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерге тоқталып өтті.                                                                                                                            

Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев статистикалық есептің түзілуі бойынша баяндама жасап, есептерді қалыптастыру барысында кемшіліктерге жол бермеу керектігін, іс карточкаларының ережеге сай толтырылуын назарда ұстап, соттардағы кері байланыс жұмысын арттыру қажеттігіне назар аударды.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Е.Есжанов соттарды инфрақұрылымдық жағынан дамыту бойынша баяндама жасады.

Баяндамалардан соң, сот жұмысын ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, талқыланды.

Департамент басшысы С.Сүлеймен алға қойған жоспарларды тиісінше орындап, еңбек тәртібін сақтау қашан да күн тәртібінен түспейтінін ескертіп, алдағы уақытта жұмыстарды сапалы атқаруды қатаң тапсырды.

Жиын соңында сот әкімшілерінің басшылары мен бірқатар мамандар Қызылорда қаласы әкімінің, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің, өңіраралық заң кеңесшілері палатасының Алғыс хаттарымен марапатталды.  

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған