Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша Ф.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Ф. 13.07.2009 жылғы кәмелетке толмаған ұлы Ж. 15.05.2025 жылы сағат 08:10 шамасында Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев пен Ш.Есенов көшелері қиылысында өзінің басқаруындағы мотокөлігімен автокөлікке соғып, жол көлік оқиғасын жасаған.
Яғни, ата-ананың міндеті кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетке баруына жол берген.
Сот қаулысына сай азаматша Ф. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты