Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев, жол полициясы қызметкерлерінің және сақтандыру компаниялары өкілдерінің қатысуымен аудандық сотта дөңгелек үстел өткізді.
Шара барысында, мардымсыз жол-көлік оқиғалары жасалғанда сақтандыру оқиғаларын реттеудің жеңілдетілген тәртібі – Еурохаттама бойынша мәселелер талқыланды.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру оқиғаларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу – Еурохаттама рәсімі енгізілген, оға сәйкес мардымсыз жол-көлік оқиғалары болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай-ақ, соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын рәсімдей алады»-деді сот төрағасы.
Еурохаттама – бұл ЖКО фактісін өз бетінше тіркеп, сақтандыру компаниясына жүгініп, өтемақы сомасын жедел алуға мүмкіндік береді, келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 200 теңге болса, қолданылады.
ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс және ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, акция ұйымдастырып түсіндірме парақшалар тарату,  мардымсыз ЖКО болған жерде Европротокол ережесін түсіндіру туралы, ұсыныстар айтылды.

 Жалағаш аудандық соты
 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған