Қармақшы аудандық сотына талап қоюшы Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті жауапкер С.-дан жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбағаны және игермегені үшін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қоюмен жүгінген.
Талаптың мәні бойынша жауапкер С.-ға «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» мақсатында 2015 жылы Ақай ауылдық округі әкімінің шешімімен жер учаскесіне жеке меншік құқығы табысталып, ол жерді нысаналы мақсатына сай игермеген.
Сотта талап қоюшының жауапкерге жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалану бойынша нұсқама беріліп, ол орындалмағаны, әкімшілік жаза қолданылғаны анықталды.
Сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылып, жер учаскесі жауапкерден мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алынды.
Қармақшы аудандық соты