Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, жергілікті өңірлік «Жалағаш жаршысы» газетінің өкілдері қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмысы жайлы баяндады.
Сонымен бірге, ол ««Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 73-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 72-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын, заңдар ағымдағы жылдың 15 маусым айында заңды күшіне енгендігі жөнінде айтып өтті.
Атап өтетін болсақ, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды.
Неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпы адамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға барлық шаралар қолданылатынын айтып, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап берді.
Жалағаш аудандық соты