Жалағаш аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Б. 24 мамыр 2025 жылы Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі бойында автокөлігін көрiнеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Б. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып,оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған