Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының
ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен азамат Д.-ға қатысты қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін іс қаралды.

Азамат Д. зайыбын ұрып, тән ауруына ұшыратқан, денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерiн жасаған.

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен,
сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және істің басқа да құжаттарымен дәлелденді.

Сотталушы Д. өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетіндігін айтты.

Сот үкімімен сотталушы Д.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған