▪️Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша шетелдік адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Құқық бұзушы С. Байқоңыр қаласында орналасқан орталық базарда заңсыз сауда-саттықпен айналысқаны анықталған, яғни еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсатты алу қажетті шарт болып табылатын жағдайда, тиісті рұқсаттарды алмастан, еңбек қызметін жүзеге асырған.

▪️Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындаған, оның әрекеттері іс құжаттарымен дәлелденген.

▪️Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 68 810 теңге айыппұл салынды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған