Арал аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергеновтың, аудан прокуроры М.Бекпановтың, полиция бөлімінің бастығы Н.Әлтайдың және полиция қызметкерлерінің қатысуымен қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған кездесу өткізілді.
Шара барысында сот төрағасы Р.Алдамбергенов заңнамаларға қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін, сонымен бірге, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған нормалар енгізілгенін атап өтті.
Шараға қатысушылар заңнамалардың қолданылуы бойынша өзара пікір алмасты.
Арал аудандық соты