Қызылорда облыстық сотында 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өткізілді.

Шараға Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Бекжанов, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты шараны Ж.Бекжанов ашып, журналистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның институты ретінде билік пен халықты байланыстырушы және еліміздің жетістіктері мен жағымды жаңалықтарының жаршысына айнала білгенін атап өтті.

Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды халыққа жеткізіп, сот жұмысын ақпараттандырып отыруға зор үлес қосып келе жатқанына тоқталды.

Шара барысында сот жүйесі қызметінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін БАҚ өкілдері Қызылорда облыстық сотының төрағасының және Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар, шарада Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен журналистер арасында өткізілген «Сот репортері» байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша ардагер журналист Б.Бүркітбайұлы І орын иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің атынан Б.Бүркітбайұлы сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған