Сотталушылар Д. және Б. «Telegramm» мессенджерінде тіркелген «кураторлармен» байланысқа түсіп, көрсетілген координаттар бойынша аса ірі мөлшердегі 2 грамм мефедрон психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтаған.
Атқарған жұмысы туралы алдын ала сөз байласқан бірге қатысушы сыбайласына есеп беріп, оқиға орнынан кетіп бара жатқан кезінде ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен ұсталған.
Осындайша, сотталушылар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сотталушылардың іс-әрекеттері іс құжаттарымен толықтай өзінің дәлелін тапты.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушылар Д. және Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1),3),5) тармақтарымен кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сотталушыларға қатысты үкімінің жаза өтеу мекемесі жөніндегі бөлігі өзгертілді.
Оларға ҚК-нің 46 бабының 5 бөлігінің 2 тармағына сай жазасын қылмысты-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.
Б.Қалымбет, Қызылорда облыстық сотының судьясы