Бүгін Қызылорда облыстық сотында облыстық соттың судьясы Әбдіқанов Сәбит Әділұлын зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты құрметті демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өткізілді.
Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Шара қатысушылары Сәбит Әділұлының судьялық қызметті абыроймен атқарып, сот жүйесінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы адал еңбегін, адамдық қасиеттерімен көпшілікке үлгі болып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтіп, құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстап, құрмет көрсетті.
С.Әбдіқанов еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастап, ұзақ жылдар экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінде жауапты қызмет атқарған.
Президент Жарлығымен Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы болып еңбек етті. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін үлкен абыроймен атқарды. Адал қызметі үшін Сәбит Әділұлы судьялардың ең жоғары марапаты – «Үш би» төсбелгісімен, Судьялар Одағы төрағасының Құрмет Грамотасымен, «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медалімен және көптеген Алғыс хаттармен марапатталған.
Сонымен қатар, шара барысында судьялар қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бекжанов Жанат Сақыбайұлын 63 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтап, игі тілегін білдіріп, Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.
Әріптестері судьялар С.Әбдіқанов пен Ж.Бекжановты қуанышты күндерімен құттықтап, игі лебіздерін білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.