Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азамат өзінің сүйген жарымен заңды некеге тұрды. Айта кетейік, сотталған азамат ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігімен екі жыл алты айға сотталып жазасын өтеуде.
Бостандықта жүргенде азаматтық некеде болған сүйіктім, басыма іс түскенде тастап кетпей, күн сайын сәлем-сауқат әкеліп, хал-жағдайымды біліп кетеді. Сондықтан ара-қатынасымызды заңдастыру мақсатында мекеменің заңгер маманына некелесу туралы өтініш жаздық. Мекеме заңгері Г.Қарашаева мен АХАЖ бөлімінің маманы Бектұрғанова Салтанат Шекербайқызының ықпалымен қазіргі таңда неке куәлігімізді қолымызға алдық. Ендігі кезекте жасаған қылмысым үшін өзімнің жазамды өтеп, заң алдында жауап беруге тура келеді. Алайда жазамды өтеу барысында да өзімнің жұбайыммен кездесуге мүмкіншілігім бар. Бұл неке маған үміт сыйлайды – дейді жазасын өтеуші азамат.