Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «К» акционерлік қоғамы жауапкер «Ж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 9 486666 теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, тараптар судьяның көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 284 600 теңге талапкерге қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соты