▪️Қармақшы аудандық сотына талап қоюшы «А» акционерлік қоғамы жауапкерлер «А» шаруа қожалығы, кепіл берушілер Р. және К.-дан несие бойынша қарызды кепілде тұрған мүліктен өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
▪️Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, жауапкерлер қарыз шартына сәйкес 22 миллион теңгеден астам қарызды тараптармен келісілген төлем кестесіне сәйкес өтеуге міндеттенді.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қармақшы аудандық соты