Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «О» жеке кәсіпкері жауапкер «Қ» акционерлік қоғамынан қарыз сомасы 4 147 411,36 теңге өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерінің көмегімен аяқтау туралы, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы жасау құқықтарын түсіндірген. Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 44 862 теңге талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған