Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Б» серіктестігі жауапкер «Г» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан 9 276 960 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

Жауапкер қарызды мойындап, толықтай өтелуіне келісті.

Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндірді. Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 306 140 теңге талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған