▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «А» жеке кәсіпкері жауапкер республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 813 840 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

▪️Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

▪️Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 8 359 теңге талапкерге қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған