▪️ Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «К» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жауапкер «Q» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 2 650 533 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
▪️Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
▪️ Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, 79 516 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты