Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Т» серіктестігі жауапкер мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан қарыз сомасы 950 000 теңге өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 28 586 теңге талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты