«SOTpost» айдарында облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлеріне жолданған алғыстар жарияланып тұрады.
Өзінің алғыс хатында «А» қоғамдық бірлестігінің заңгері Б.А.Аргинбаев Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары С.Н.Жуынтаеваға, С.Б.Абызбаеваға және Н.Б.Еламановқа, Қызылорда қалалық сотының судьясы Л.М.Карибаеваға азаматтық істі обьективті түрде қарап, әділ шешім қабылдағанын көрсетіп, судьялардың кәсібилігі үшін алғысын білдірген.
Сонымен қатар, қала тұрғыны Е.Б.Жунисов Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы С.Утегенова іс құжаттарын мұқият зерделеп, көрінеу жалған мәліметтер таратқан азаматтың әрекетіне тиісті құқықтық бағасын беріп, іс бойынша әділ шешім қабылдағанын көрсетіп, азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы қызметіне сәттілік тілеген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі