▪️Қармақшы аудандық сотында «Заң және тәртіп» тұжырымдасы аясында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
▪️Кездесу барысында сот әкімшісінің басшысы Е. Мәтжанов студенттерге соттың құрылымын, негізгі қызмет бағыттарын және сот төрелігінің қағидаттарын түсіндіріп өтті.
▪️Студенттер сот залдарын аралап, сот отырыстарының өткізілу тәртібімен танысты. Оларға электрондық сот ісін жүргізу тәртібі және сот қызметкерлерінің міндеттері мен жұмысының ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді.
▪️Кездесу барысында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Қармақшы аудандық соты