Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы Б. талап қоюмен жүгініп, жұмысқа қайта орналастыруды және мәжбүрлі түрде бос тұрған уақытына жалақы өндіруді сұраған.

Анықталғандай, тәртіптік кеңес хаттамасына сәйкес, «Q» серіктестігінің массаж маманы Б.-ға еңбек шартын жасау кезінде шындыққа сәйкес келмейтін құжаттар ұсынған деген негізбен еңбек шартын бұзу туралы тәртіптік жаза қолданылған.

Аталған жағдайға байланысты уәкілетті органдар тексеру жүргізіп, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы туралы қорытынды берген.

Сот істегі дәлелдемелерді зерттей келе, талап қоюшыны бұрынғы жұмысына қайта орналастырып, 350 000 теңге көлемінде жалақы өндіру туралы шешім шығарды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған