Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жұмыстан тыс уақытта сот қызметкерлерінің балалары арасында қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әндері мен өлеңдері» атты байқау ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Абай мұрасын дәріптеу, балалардың әдебиетке, өнерге деген қызығушылығын арттыру және сөз өнеріне баулу.

Байқауға қатысқан бүлдіршіндер мен жасөспірімдер ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған