Сырдария аудандық сотында азамат Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Аудандық соттың қаулысымен азамат Ж.-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгiленген.
Алайда, Ж. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Ж. ҚРӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сырдария аудандық соты