Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Ж. бұрын кәмелетке толмаған баласының заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, бұл әрекетін бір жыл ішінде қайталап, кәмелетке толмаған ұлы А.-ның 02.04.2025 жылы сағат 23:35 шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, С.Сейфуллин көшесі бойында түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүруіне жол берген.
Сот қаулысына сай азаматша Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 19267 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты