Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша С.-ға қатысты іс қаралды.
Анықталғандай, азаматша С.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы Р. өз басқаруындағы скутермен жол жүрісі қағидаларының ережесін сақтамай, жол-көлік оқиғасы орын алған. Яғни, азаматша С. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына жол берген.
Азаматша С. сотқа берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталамайтынын, бір жолға кешіруді сұраған.
Сот қаулысымен азаматша С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 51688 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты