▪️Бүгін Республика күніне орай, Қызылорда облысы соттарының қызметкерлері арасында «Республика күні – елдігіміздің айғағы» тақырыбында шығармашылық байқау өткізілді.
▪️Шараны Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті және Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастырды.
▪️Байқаудың негізгі мақсаты – Республика күнін атап өту, сот қызметкерлерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдау болып табылады.

▪️Шараны Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова ашып, Республика күні – еліміздің Тәуелсіздігін айқындайтын, ұлттық бірлігіміздің бастауы болған маңызды мереке екенін атап өтіп, мұндай байқаулар сот қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
▪️Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков Республика күнінің маңыздылығына тоқталып, шара қатысушыларын айтулы мерекемен құттықтады.
▪️Байқауға 14 қызметкер қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, жан-жақты шеберліктерін көрсетті.
▪️Бірінші кезеңде қатысушылар тақырып аясында эссе жазды. Екінші кезеңде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, түрлі музыкалық аспаптар арқылы күйлер мен әндер орындап, бейнероликтер мен зияткерлік ойындар ұсынып, өз өлеңдерін оқыды.

▪️Қатысушыларды Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Ш.Маликова, Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, құжат айналымы бөлімінің басшысы А.Әбілқасымқызы бағалады.
▪️Бағалау кезінде қатысушылардың сахналық образы, тіл тазалығы, сөз саптауы, шығармашылық көзқарастары назарға алынды.
▪️Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотының жетекші маманы Исатай Бибіхан, ІІ орынды Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының жетекші маманы Әбдуәли Ләйлә иеленді.

▪️І орынды Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы Ердәулет Бақытжан жеңіп алып, байқаудың жеңімпазы атанды.
▪️Сонымен бірге, белсенділігімен көзге түскен қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
▪️Қорытынды сөз сөйлеген қазылар алқасының төрайымы Ш.Маликова мұндай байқаулардың маңыздылығына тоқталып, игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табуы қажеттігін атап өтті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі