Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен «Жер және мұрагерлік құқықтары саласындағы даулар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға аудандық соттың төрағасы Қ.Мыханов, судьялар С.Қожақов, А.Қазыбеков, аудан прокуроры М.Маханбетжанов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Сыдықов, нотариустар А.Тойланов, Л.Дінкешова, кент және ауылдық округтердің әкімдері, жер және құрылыс бөлімдерінің сектор меңгерушілері қатысты.

Семинар барысында Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов жер және мұрагерлік құқықтары саласындағы бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Сонымен бірге, судьялар А.Қазыбеков пен С.Қожақов тақырып аясында баяндамалар жасап, аталған санаттағы даулар бойынша жергілікті атқарушы органдар мен нотариустар тарапынан жіберілетін кемшіліктер туралы айтып өтіп, дауларды сотқа дейін заң талаптарына сәйкес шешу жолдары түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, түсіндірмелер беріледі.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған