▪️Арал аудандық сотында «Азаматтық процестік заңнама ережелерін қолдану және татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

▪️Шараға аудандық соттың төрағасы Р.Алдамбергенов және судьялар, адвокаттар және заң консультанттары қатысты.

▪️Сот төрағасы Р.Алдамбергенов шараны ашып, талап қоюдың нысаны мен мазмұнының Азаматтық процестік заңнама талаптарына сай болуы, өкілдің өкілеттіктерінің тиісінше ресімделуі мәселелеріне тоқталды.

▪️Сондай-ақ, сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері бойынша медиация, татуласу келісімдері және партисипативтік рәсім секілді дауларды реттеудің баламалы тәсілдерінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталып, баламалы тәсілдер тараптардың татуласуына, олардың арасындағы шиеленіс деңгейін төмендетуге, осылайша қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын күшейтуге, қоғамның сот пен заңға деген құрметін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін айтып, партисипативтік рәсімдерді қолдану аясын кеңейтуге, тараптар арасындағы дауды партисипативтік рәсіммен аяқтауға судьялармен қатар, адвокаттардың да белсенділік танытуы керектігін тілге тиек етті.

▪️Бұдан соң шараға қатысушылар процестік заңнама талаптарына қатысты өзекті мәселелерді және татуластыру рәсімдерін дамытуға қатысты сындарлы пікір алмасып, құқықты қолдануда туындауы мүмкін деген өзге де мәселелерді талқылады.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған