Арал аудандық сотында сот төрағасы Р.Алдамбергеновтың төрағалық етуімен семинар-кеңес өткізілді. Онда татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері талқыланды.
Шараға аудандық соттың судьялары, заң консультациясының адвокаттары қатысты.
Сот төрағасы Р.Алдамбергенов шараны ашып, сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері бойынша медиация, татуласу келісімдері және партисипативтік рәсім секілді дауларды реттеудің баламалы тәсілдерінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталып, баламалы тәсілдер тараптардың татуласуына, олардың арасындағы шиеленіс деңгейін төмендетуге, осылайша қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын күшейтуге, қоғамның сот пен заңға деген құрметін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін айтып, партисипативтік рәсімдерді қолдану аясын кеңейтуге, тараптар арасындағы дауды партисипативтік рәсіммен аяқтауға судьялармен қатар, адвокаттардыңда белсенділік танытуы керектігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ,мемлекеттік тілдің рөлі мен маңыздылығына тоқталып, сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың дамуы мен сапасына, сот отырысы қатысушыларының сот ісін жүргізу тілін таңдау құқығының сақталуына назар аудартты.
Семинар-кеңес барысында көтерілген тақырыптар аясында баяндамалар тыңдалды.