▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында Республика күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

▪️Шараны Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, Республика күні – елдіктің нышаны, ұлттық бірлігіміздің бастауы болған маңызды мереке екенін атап өтті.

▪️ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова Республика күнінің маңыздылығына тоқталып, сот жүйесінің өкілдері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып отырғанын тілге тиек етті.

▪️ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков судьялар мен сот қызметкерлерінің қоғамдағы тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, шара қатысушыларын мерекемен құттықтады.

▪️Шара барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Қызылорда облыстық сотының судьясы К.Қаниева, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының Құрмет Грамотасымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков марапатталды.

▪️Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» төсбелгісімен Қызылорда облыстық сотының судьясы Қ. Абдуллаев, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Жеті жарғы» төсбелгісімен Қызылорда облыстық сотының судьясы Ш.Маликова, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен Қызылорда қалалық сотының бас маманы А.Искакова марапатталды.

▪️Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маманы Л.Шаймова, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің құжат айналымы бөлімінің бас маманы А.Накиева, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бас маманы Е.Есжанов марапатталды.

▪️Бірқатар судьялар мен мамандар ҚР Судьялар Одағының, Сот Әкімшілігі басшысының, Қызылорда облыстық соты төрағасының, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

▪️Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған