Байқоңыр қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы К. полиция қызметкері С.-ның шет мемлекеттің лауазымды адамы екенін біле тұра, әкімшілік жауаптылықтан құтылу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмауды сұрап, оған 400 рубль (Қазақстан Ұлттық Банкі бойынша 2178 теңгені) пара ретінде ұсынған.
Сотталушы қылмыстық әрекеті арқылы шет мемлекеттің лауазымды адамына пара беруге оқталған.
Аталған қылмыс ауырлығы орташа қылмыс санатына жатады және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сот үкімімен сотталушы К. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындала отырып, мүлкі тәркіленбей, 21 780 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Байқоңыр қалалық соты.