Бүгін Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

Семинарға Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова, Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, Департаменттің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары мен мамандары, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мамандары Б.Қалық, Ж.Шарапов, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінің Терроризмге қарсы орталығының бөлім қызметкері М.Телеуов, Қызылорда облысы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысты.

Департамент басшысы М.Асанова семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

Семинар барысында ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінің Терроризмге қарсы орталығының бөлім қызметкері М.Телеуов террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге, алғашқы іс-қимыл алгоритмдеріне кеңінен тоқталып, бірқатар маңызды мәселелерді атап өтіп, лаңкестік қауіптің алдын алу мен оған төтеп беру бойынша ұсыныстар мен практикалық кеңестер туралы айтып өтті.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мамандары Б.Қалық және Ж.Шарапов төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел араласу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығына тоқталып, практика түрінде көрсетіп өтіп, алғашқы көмекті дұрыс әрі уақтылы көрсету тәсілдерін, қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану әдістерін және осындай жағдайларда үйлесімді әрекет етудің негізгі қағидаларын түсіндірді.

Семинарда мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің қағидалары мен жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы және лудомания мәселесі талқыланып, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігі айтылды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған