▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.

▪️Семинарға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

▪️Семинарды алқа төрағасы Ж.Бекжанов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

▪️Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Алиев соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы бойынша баяндама жасап, сот практикасымен бөлісті.

▪️Қызылорда қаласының №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Е.Құтыбаев бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау мәселелеріне тоқталып, бірқатар мәселелерді атап өтті.

▪️Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы И.Тұңғышбаев әкімшілік жазаларды қолдану бойынша баяндама жасады.

▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған