Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қолдану тәжірибесін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Бекжанов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесі, пробация қызметі, полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді Ж.Бекжанов ашып, аталған шара жаңа Рақымшылық Заңының мазмұнын түсіндіру, қолдану тетіктерін талқылау және бірыңғай тәжірибе қалыптастыру мақсатында өткізіліп отырғанын атап өтті.

Шара барысында Қызылорда облыстық сотының судьясы Қ.Абдуллаев, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Е.Құттыбаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның соттарда қолдану тәжірибесі бойынша баяндама жасап, Рақымшылық Заңы ізгілік қағидаттарына сүйене отырып қабылданғанын, оның белгілі бір санаттағы азаматтарды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату, сондай-ақ жаза мерзімдерін қысқарту мүмкіндігін беретіндігін атап өтті.

Аталған Заң қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған, келтірілген залалды толық өтеген немесе азаматтық талап қойылмаған адамдарға да қолданылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар рақымшылық актісі қоғамға оң әсер ететін маңызды құқықтық тетік екенін атап өтті.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған