▪️Қызылорда облысы бойынша билер кеңесінің төрағасы Нұрсейітов Зейнулла Әлімжанұлы Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барып, сот ұжымымен және билер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

▪️Шараға қалалық соттың төрағасы Ж.Үсен, судьялар Б.Абубакирова, А.Казкенов, Байқоңыр қаласы бойынша билер кеңесінің мүшелері және ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің инспекторы Д.Тажимбетов қатысты.

▪️Кездесу барысында З.Нұрсейітов дауларды баламалы түрде шешу тетіктерін дамыту, билердің қоғамдағы рөлін арттыру және татуластыру рәсімдерін түсіндіру мәселелеріне тоқталды.

▪️Қалалық сот төрағасы Ж.Үсен билер кеңесінің мүшелері халық арасында дауласу деңгейін төмендетуге қосып отырған еңбектері үшін алғысын білдіріп, Қызылорда облысы бойынша билер кеңесінің төрағасы Зейнулла Әлімжанұлына Алғыс хат табыстады.

▪️Сонымен қатар, билер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланып, алдағы іс-шаралар айқындалды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған