▪️Қызылорда облысы бойынша билер кеңесінің төрағасы Нұрсейітов Зейнулла Әлімжанұлы Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, сот ұжымымен және билер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

▪️Шараға аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов, судьялар С.Бертай, Ж.Бостандықұлы және Қазалы ауданы бойынша билер кеңесінің мүшелері қатысты.

▪️Кездесу барысында З.Нұрсейітов дауларды бітімгершілікпен реттеу, қоғамдағы дауласу деңгейін төмендету бағытында билер кеңесіне маңызды міндет жүктеліп отырғанын айта келіп, билер кеңесінің негізгі міндеттері мен мақсаттарына тоқталды.

▪️Аудандық сот төрағасы Д.Әбдіқалықов билер кеңесінің мүшелеріне татуластыру рәсімдерінің тиімділігін түсіндіру және азаматтарды бітімгершілікке шақырудағы еңбектері үшін алғысын білдірді.

▪️Сонымен қатар, билер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланып, алдағы іс-шаралар айқындалды.

Қазалы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған