▪️Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Іс құжаттарына сәйкес, Н. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, орталық алаң маңында алкогольді ішімдік ішкен мас күйінде, адамның қадір-қасиетін және имандылықты қорлайтын деңгейде жүрген.

▪️Сот отырысында азамат Н. өз кінәсін мойындап, қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауға келісімін беретінін көрсетті.

▪️Сырдария аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған