Қармақшы аудандық сотында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігімен азаматша О.-ға қатысты іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, О. белгіленбеген орынға өз үйінен шыққан жарты қап қоқысты тастап, ортақ пайдалану орнын ластаған.
Сотта О. кінәсін мойындап, енді мұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, кешірім сұрап, отбасылық жағдайына байланысты айыппұл төлей алмайтынын, қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалуына келісетінін көрсетіп, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұраған.
Сот қаулысымен О. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Қармақшы аудандық соты