▪Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматша С.-ға қатысты іс қаралды.
▪Іс құжаттарына сәйкес, азаматша С. көп қабатты үйдің ауласында темекі шегіп, оның қалдығын арнайы қоқыс жәшігіне тастамай, қоғамдық орынға лақтырып, ортақ пайдаланатын орынды ластаған.
▪Сот қаулысымен азаматша С. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 524 теңге айыппұл салынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты