Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
М. «А» сауда үйінің екінші қабатында жәбірленуші А.-дан қарыз ақшасын сұрап келіп, өзге сатып алушылардың көзінше айқай-шу шығарып, киімінен тартып, қолындағы телефонды қағып, жеке тұлғаға зәбірлеп тиісіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін әрекет жасаған.
Іс құжаттарына сәйкес, М.-ға қатысты шара қолдану туралы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалармен, бейнежазбамен расталған.
Жәбірленуші сотқа арыз жолдап, онда М.-ға кешірім бермейтінін, оған заң жүзінде шара қолдануды сұраған.
Сот қаулысымен М. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Қармақшы аудандық соты