Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер М.-дан 980 000 теңге көлемінде негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, жауапкер М.-ға ақша аударып, соның есебінен жауапкер негізсіз байығанын көрсеткен.

ҚР Азаматтық кодекстің 953-бабының 1-бөліміне сай, заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы) негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.

Сот шешімімен талап қоюшының жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы қанағаттандырылып, жауапкер М.-дан талап қоюшы Т.-ның пайдасына 980 000 теңге негізсіз баю сомасы және 9800 теңге баж өндірілді.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған