▪️Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінді.
▪️Талап қоюшыға белгісіз тұлға қоңырау шалып, алдау жолымен банктен жалпы сомасы 3,1 миллион теңге несие рәсімдетіп алған. Несиеден түскен 2,5 миллион теңге жауапкердің банк шотына аударылған.
▪️Талап қоюшы жауапкерді бұрын танымайтынын, олардың арасында құқықтық қатынас болмағанын және аталған ақша жауапкерге арналмағанын көрсетіп, жауапкерге негізсіз аударылған ақшаны қайтаруды сұрады.
▪️Сотта талап қоюшы жіберген ақшаның жауапкердің шотына түскені банк құжаттарымен расталып, тараптардың бір-бірімен таныс болмағаны және олардың арасында қандай да бір міндеттемелер болмағаны анықталды.
▪️Жауапкер ақшаны қайтару бойынша шара қолданбаған және қаражатты заңды негізде алғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынбаған.
▪️Сот талап қоюшының талабын қанағаттандырып, жауапкерден 2,5 миллион теңге мөлшерінде негізсіз баю сомасын өндіру туралы шешім шығарды.
Қызылорда қалалық соты