Талап қоюшы Х. жауапкер Т.-дан негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, белгісіз адам Х.-ға хабарласып, оның атына несие рәсімделуінің алдын алу керектігін алға тартып, түрлі себептерді айтып, банктер арқылы несие рәсімдетіп, аталған қаражат жауапкер Т.-ның есепшотына аударылған.

Ақша аударымдары Т.-ның есепшотына түскені банк шоты бойынша үзінді көшірмелерімен расталған.

Жауапкер ақша аударымдарының негізсіз түскенін біле тұра, оны қайтару бойынша ешқандай әрекеттер жасамаған. Осыған байланысты, талап қоюшы жауапкерге негізсіз түскен соманы өндіріп беруді сұраған.

Сотта талап қоюшы тарапынан жауапкердің есепшотына жалпы сомасы 1 076 000 теңге аударылғаны, жауапкер бұл қаражатты заңда көзделмеген негіздерсіз алғаны анықталды.

Осыған байланысты сот талап қоюды қанағаттандырып, жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіру туралы шешім шығарды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған