▪️ Бүгін Қызылорда облыстық сотында өткен жиында сот ұжымы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жаппасбаев Серік Жаппасбайұлын 63 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтады.

▪️ Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Бекжанов Серік Жаппасбайұлын мерейтойымен құттықтай отырып, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен еңбегін атап өтіп, жүрекжарды лебізін білдірді.

▪️ Шара барысында облыстық соттың және қалалық соттардың судьялары да мерейтой иесіне игі тілектерін жеткізді.

▪️ Серік Жаппасбайұлы сот жүйесінде 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп, Сырдария аудандық сотының судьясы, Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарып, қазіргі таңда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметін абыроймен атқарып келеді.

▪️ Сот жүйесіндегі адал қызметі үшін Серік Жаппасбайұлы ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Үш би», «Жеті жарғы» төсбелгілерімен марапатталған.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған