▪️Талап қоюшы коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.
▪️Анықталғандай, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «Ж» жеке кәсіпкері танылып, тараптар арасында шарт жасалған.
▪️Шартқа сәйкес, «Ж» жеке кәсіпкері 760 848 теңгеге ет жеткізуге міндеттелген.
▪️Алайда, жауапкер шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған.
▪️Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, жауапкер «Ж» жеке кәсіпкері мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты